Популярные тэги

Түркі елдері төтенше жағдай кезінде бір-біріне көмектесетін жүйе құрады

Сенат «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қарады, деп хабарлайды Masa.media.


11/03/2026
21:05 33 0

Сенат «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қарады, деп хабарлайды Masa.media.

 

Апат кезіндегі көмек

 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, аталған келісім табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен тетігін құруға, сондай-ақ зардап шеккен мемлекетке ерікті қолдау көрсетуге бағытталған.

 

Сенатор  Андрей Лукиннің сөзінше,  құжат азаматтық қорғау тетігін басқарудың әкімшілік құрылымын құруды қарастырады. Жоғары орган ретінде жылына кемінде бір рет жиналатын министрлер кеңесі және хатшылық жұмыс істейді. Кеңесті Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ететін мемлекеттің министрі басқарады. Ал хатшылықты министрлер кеңесі ротациялық негізде үш жыл мерзімге тағайындайтын бас хатшы басқарады. Қажет болған жағдайда оның өкілеттігі тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін.

 

Көмек көрсету зардап шеккен мемлекеттің өтініші бойынша төтенше жағдай кезінде ерікті негізде жүзеге асырылады. Яғни, апат болған ел ресми түрде көмек сұраса, басқа мемлекеттердің құтқарушылары, дәрігерлері және арнайы техникасы жіберіледі. Негізгі міндеттері – адам өмірін сақтау, мүлікті қорғау, медициналық және гуманитарлық көмек көрсету.

 

Тағы бір ерекшелік– ортақ кәсіби стандарттар енгізу және бірлескен оқу-жаттығулар өткізу. Бұл түрлі елдердің құтқару қызметтерінің үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

Жыл сайынғы жарна

 

Келісімде тараптардың қаржылық міндеттемелері де қарастырылған. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігінің өз бюджеті болады, ол қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы міндетті жарналары есебінен қалыптастырылады. Лукиннің сөзінше, бюджет туралы жеке халықаралық келісім күшіне енгенге дейін әр тарап үшін жыл сайынғы міндетті жарна мөлшері 50 мың долларды құрайды. Ал осы жарналардың жалпы көлемінен асатын шығындарды келісім күшіне енген күннен бастап алғашқы екі жыл ішінде Түркия Республикасы өтейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/03/2026 21:05
33 0

Уведомление